Мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 20 қазандағы № 163-НҚ бұйрығы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабының 1-тармағына және 89-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік білім беру ұйымдарында басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарының нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын адамдарды жұмысқа қабылдау, олардың қызметін ұйымдастыру және жұмыстан шығару қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында ресми жарияланған күнінен кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 25 шілдеден бастап туындаған мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындауға, аттестаттаудан өткізуге, оның кандидатурасын келісуге байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.
| Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазықбай |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік